Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болды

03.03.2025 Қоғам
5

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

-  тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

-  тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

-  қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

-   мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

-  қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

-  тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

-  мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

-  туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.