Тоқаев Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді

11.07.2023 Қоғам
5
Астананы дамыту туралы кеңес өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беретінін айтты.

Ол кеңес барысында қаланы дамыту бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді.

Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін - деді Президент сөз соңында.

Arasha.kz

ФОТО: Ақорда