Тоқаев: Астананың бас жоспарында көп нәрсе ескерілмеген
11.07.2023
Қоғам
5
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ол қаланың қарқынды дамығаны жақсы екенін атап өтті.
Дегенмен, қазір осы үрдіс әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіріп отыр. Әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. Мұны жұрт біліп отыр. Сондықтан, Үкімет те, әкімдік те соның бәрін шешу үшін жұмыла жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысқа қоғам өкілдерін тарту қажет. Астананы көркейту, тұрмыс сапасын жақсарту – бәрімізге ортақ міндет. Біз қаңтар айында арнайы кеңес өткізіп, біраз мәселені талқыладық, мақсат-міндеттерді айқындадық. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Енді атқарылған жұмыстарға тоқталамыз - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Arasha.kz
ФОТО: Ақорда