Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады

26.09.2019 Қоғам
6
Теміржол билеттері 10 пайызға қымбаттады. Бұл туралы теміржол жолаушылар тасымалы компаниясы хабарлады. Компания жария еткен ақпаратта 9 бағыттан өзге бағыттардағы билет құны 21 қыркүйектен бастап 10 пайызға өсетіні айтылған. "Қазақстан  РеспубликасыныңИндустрия  және  инфрақұрылымдық  даму  министрлігі  Көлік комитетінің 2019 жылғы 9қыркүйектегі No 28-28-9/2920хаты негізінде 2019 жылғы 21қыркүйектен бастап мына No 085/086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш»; No 021/022 «Қызылорда-Семей»; No 313/314 «Атырау-Маңғыстау»; No 339/340 «Павлодар-Пресногорьковская»; No 373/374 «Алматы-Жезқазған»;No 377/378 «Алматы-Маңғыстау»; No 603/604 «Нұр-Сұлтан-Арқалық» қатынастарындағы пойыздар және No 085/086 «Қарағанды-Сарыағаш»;No 021/022 «Алматы-Семей»; No 22/6941/6942/21 «Алматы-Достық»; No 339-55/56-154 «Павлодар-Қызылорда» қатынастарындағы тіркеме/тікелей қатынайтын вагондардан басқа,«Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған әлеуметтік маңызы бар қатынастардағыпойыздар  тарифінің 10 %-ға өсетінін хабарлаймыз" делінген компания таратқан хабарламада.