Тараз қалалық сотының бұрынғы төрағасы жемқорлық үшін сотталды

03.03.2023 Қоғам
5
Тараз қаласының №2 соты Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаровты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Zakon.kz порталының мәліметінше, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және мүліктік құқықты заңды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көмектескені үшін азаматтан 1 млн теңге пара алған.