Талдықорғанда заңсыз берілген 46 пәтер әкімдік меншігіне қайтарылды
21.12.2022
Қоғам
5
Талдықорғанда заңсыз берілген 46 пәтерді қожайындары әкімдіктің меншігіне қайтарып берді.
Одан бөлек 147 пәтерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті қандай жолмен берілгенін тексеріп жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.
Ведомство өкілінің айтуынша, 2013-2021 жылдар аралығында 1026 пәтер заңсыз берілген. Одан бөлек 669 пәтер әлеуметтік осал топтарға, ал 357 пәтер бюджет пен мемлекет қызметкерлеріне берілген.
«669 пәтер иесінің 545-і өзінің осал топқа жататынын дәлелдейтін құжаттарын әкелді. Жұмыстар жалғасуда»,- деді Мади Шакенов.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда мыңнан аса баспананың заңсыз берілгенін хабарлаған болатынбыз. Қазір облыс орталығында 180 мың халық бар. Ал, баспана кезегінде 14 900 адам тұр.