Смайылов ресейліктерге қатысты мәлімдемесіне түсінік берді
27.09.2022
Қоғам
4
Отырысты бастамас бұрын, кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиынындағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар, деді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.
Ол шетел азаматына заң аясында қызмет көрсетілетінін жеткізді.
Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін бірінші кезектегі басымдық болуы тиіс, деген Смайылов барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керектігін айтты.
«Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдайды күнделікті бақылауды ұстауды тапсырамын», - деді ол.