Сириядан құтқарылған балаларды жеткізу сәтінен арнайы операция жарияланды (видео)

07.02.2021 Қоғам
6
Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Сириядан қайтарылған отандастарымызды жеткізу сәтінен арнайы операция видеосын жариялады. Елге жеткізілген жеті бала да бейімдеу орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Arasha.kz. 4 ақпанда Сириядан 12 адам оралды. Осыған дейін хабарлағанымыздай олардың жетеуі бала. Оның екеуі жетім.

Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.