Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды

07.10.2022 Қоғам
5
7 қазан сағат 04:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы “Адам өлтіруге оқталу" бойынша СДТТБТ-не тіркелді. «Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде», - делінген хабарламада. Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлермен ВАЗ-21014 автокөлігі анықталып, оның салонында екі қару табылды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Іс қалалық прокуратура мен полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.