Шымкент қаласының медресесінде балаларды ұрып-соққан
15.06.2023
Қоғам
6
Желіде Шымкент қаласының медресесінде ұстаздар кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны жайлы видео тарады. Балалардың денесі көгерген, деп жазды Azattyq Ruhy.
Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады.
«Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем», - дейді олар.Екі баланың арқасы тілінген, гематомалары бар.