Әшімбаев бюджет шығысының кірістен екі есе көп болуын сынға алды
16.03.2023
Қоғам
5
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында республикалық бюджет қаржысын үнемдеу туралы айтты.
Әшімбаев бұл қаржылық тәртіпке келуді білдіретінін айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Ұлттық қордың ақшасын тек стратегиялық мақсаттағы шығындарға жұмсау керек. Жаппы Ұлттық қордың активтерін ұлғайту бойынша стратегиялық жоспар болуы керек. Біз 3-4 трлн теңгеден ақша алсақ, оны қалай көбейтеміз? Сондықтан, осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, азаматтарға нәтиже көрсетуіміз керек», - деді Мәулен Әшімбаев.Айта кетейік, Сенатта «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралып жатыр.