"Сақтық шараларын сақтасақ, қатерлі індеттің беті бері қарар ма еді?!"
«Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мәселе бойынша біз тергеу жүргіземіз және бұл жағдайдан сабақ аламыз. Әкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз» - деген Президент сөзін келтірген сарапшы осы шешімді қолдайтынын білдірді.
"Денсаулық сақтау саласында жүрген қызметкерлер күндіз-түні осы қатерлі індетке шалдыққандармен күресіп, ұлт денсаулығын сақтаумен айналысып жатыр. Өкінішке қарай, ара-арасында туралап келген ажал алмай тынбауда. Мемлекет басшысы тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. Ол дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керектігі және дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндірмеу. Бұл шешімді де қолдаймын. Президенттің айтуынша, қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор да жасақталған. Демек, аса алаңдауға негіз жоқ, бірақ «Сақтансаң – сақтайды» дегенді естен шығармай, әрдайым саналы әрекет пен жауапкершілікке ден қою керек-ақ", - деді Б.Түктібаев.Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі И.Рыстина да Президент қабылдаған шешімдер жайлы пікір білдірді.И.Рыстинаның айтуынша, індетпен күресу мақсатында мемлекеттік саясатты әзірлеудің де трансформацияға ұшырауы байқалады, Үкімет қатып қалған жансыз механизм емес, керісінше елдегі болып жатқан оқиғаларға бейімделді: Мемлекеттік сатып алудың арнайы рәсімі эпидемияға қарсы қажеттіліктерді бір көзден алу әдісімен кеңейтілді; Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы препараттарды бірыңғай әкелудің жеңілдетілген тәртібі. Мұндай өтініштер күн ішінде қаралатын болады; КВИ-ды емдеуге арналған отандық өндірушілердің жаңа препараттарды тіркеу рәсімі жеделдетілді.
"Елде қазір туындап жатқан барлық мәселе Мемлекет басшысының назарында екенін ұғындық. Коронавируспен күрес күшейіп келеді, бәрі Президенттің бақылауында. Сондықтан жағдай оңалар деп үміттенейік. 13 шілде аза тұту күні халық бірлігінің еселенуіне әкеледі деп сенемін", - деді саясаттанушы.
Дереккөз: strategy2050.kz