Самат Әбішті тергеу басталды

19.09.2023 Қоғам
4
Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеуді бастады.

Тергеу құпия құжаттаманың қомақты көлемін зерттеуді көздейді деп хабарланды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. Сонымен қатар, қадағалау департаменті Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында барлығының тең екендігін атап өтті. Тергеу нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деді Бас прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, Самат Әбіш ҰҚК-нің ұсталған бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған. Өткен жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан куәгер ретінде жауап алынғанын, алайда Әбішке қатысты қылмыстық істер ұлттық қауіпсіздік органдарында тіркелмегенін, бұлтартпау шарасы қолданылмағанын хабарлады.

Arasha.kz

ФОТО: gov.kz