Республикалық дебат турнирінде АЭС салудың тиімділігі сөз болды
Оның айтуынша, дебат турнирі әділқазы алқасының мүшесі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Атом энергетикасы бөлімінің инженері Асуан Сиябектің пікірінше, дебат ойындары, пікірсайыстар АЭС бойынша студенттердің білімін, біліктілігін арттырады. Айта кету керек, турнир дебатына қатысушылар атом энергетикасы, АЭС құрылысы жобасы, атом саласының ғылыми әлеуеті, экономика, экология, әлеуметтік тақырып аясында да пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
«Осы орайда, атом энергетикасы – үлкен ғылым екенін, қоғамға берер пайдасын да саралады. Әсіресе, дамыған елдер мұның нақты мысалын көрсетіп отыр. Мұндай жобаны бастамас бұрын халықтың саналы деңгейде қабылдауы маңызды. Сондықтан дебатта АЭС мәселесіне қатысты бірнеше тақырып қосылды. Соның нәтижесінде 50-ден астам оқу орнынан келген қатысушылар атом саласы бойынша терең зерттеді, дайындалды. Олар бұдан белгілі бір ой түйді, кейін өз оқу орындарындағы ортада айтылады, сөйтіп атом энергетикасы маңыздылығын түсіндіру аясы кеңейе береді деп ойлаймыз», – дейді Мерей Рашидқызы.Турнирдің қарары бойынша ақтық сайыста сөз алған команданың бірі Қазақстандағы энергетикалық ахуал атом электр станцияларын салу арқылы ғана шешіледі деп есептесе, енді бірі атом энергетикасының экологияға зиян келтірмейтін жағын дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ, пікірталас барысында АЭС отандық ғылыми әлеуетті арттыратынын да нақты аргументтермен саралап берді. Экономист, «ТЭО CUP» клубының негізін қалаушы Мақсат Халықтың айтуынша, халық арасында қандай ақпаратты қабылдау керек немесе сүзгіден өткізу қажет дегенге терең пікір жетпейді.Сонымен, Alfa лигасы бойынша 1 орынға Бердімұрат Хасенұлы, Нұрхан Жәкен, 2 орынға Ахметжан Әбенов, Ботагөз Жақсылық, 3 орынға Қуаныш Қыстаубаев, Әли Жапар, 4 орынға Мадина Әшім, Нұрдәулет Өмірзақ лайық деп танылса, Жастар финалы бойынша 1 орынға Нұрмұхаммед Көбеген, Рамазан Құлбек ие болды. Сондай-ақ, Beta лигасы бойынша 1 орынды Асанәлі Абдилла, Руслан Әбдіғалиев, 2 орынды Аманжол Ханиев, Исламбек Бітімбай, 3 орынды Асхат Закеев, Рыскүл Амангелді, 4 орынды Болат Байтуреев, Ерзат Сәбит иеленсе, ЛД студенттік лигасы бойынша 1 орын Ерғали Іңкәров пен Нұрдәулет Өмірзаққа бұйырды. Жеңімпаздар турнирдің бас серіктесі әрі ұйымдастырушы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-ның арнайы кубоктарына, дипломдары мен қаржылай сертификаттарына ие болды.
«ТЭО CUP XII» республикалық дебат турнирінің жеңімпазы, «Әл-Фараби» фракциясының мүшесі Бердімұрат Хасенұлы: «2012 жылдан бері дебатқа қатысып жүрмін. Бұл турнирді сағынып келдім. Ойыншылар осындай сайыстарда ізденеді өседі, дамиды, сыни ойлауға бейімделеді», – дейді.Ал екінші орын алған «Аргумент» фракциясының мүшесі Ботагөз Жақсылық дебат кезінде айтатын дүние көп болғанын, қобалжу болғанын, жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік бергенін айтты.