Ресейліктерге ЖСН беру тәсілдері кеңейді

"Жетісу ауданының Әкімдігі спорт-сауықтыру кешені ғимаратын тегін беріп отыр. Осында 40-тан аса жұмыс орнын ұйымдастырып, қызмет көрсетудеміз. ЖСН-ді кез келген шетел азаматы бизнес жүргізу және қаржылық операциялық процестер үшін алатынын білесіздер. Бізде күніне шетелдіктердің 3-3,5 мың өтінімі қаралуда. Бұл әдеттегі жүктемеден 50 пайызға артық. Сондықтан, жүктемені азайту мақсатында, ЖСН алу тәсілдері қарастырылуда. Енді Ресей азаматтары ЖСН-ді екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінен (ЦентрКредитБанкі), сондай-ақ, онлайн режимінде арнайы бот, банктік қосымша немесе SMS хабарлама арқылы ала алады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

