Ресейде резервист әскери бөлімше бастығын атып тастады

26.09.2022 Қоғам
9
Иркутс облысының Усть-Илимскі қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған. Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады "Инцидент Усть-Илимск" телеграм-каналы. Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды. Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.