Әрбір алматылық студент орташа есеппен бір жылда 671 397 ₸ ЖОО-на төлейді

13.03.2019 Қоғам
4

Freedom Finance Life сақтандыру компаниясы өткізген сараптама бойынша ең қымбат жоғары білім Алматыда болып шықты.

Қазір Қазақстанда 124 жоғары оқу орны бар. Оқу ақысы 150 000-нан 2 157 000 теңгеге дейін жетеді.

Компания қызметкерлерінің айтуынша ең қымбат жоғары білім алу Алматы қаласында екені анықталды. Әрбір алматылық студент орташа есеппен бір жылда 671 397 төлейді, ал төрт жылда 2 685 588 төлеуі тиіс.

«Бұл Алматыда орналасқан оқу орындары бойынша орташа есеп. Негізі Алматыда еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарының 33%-і орналасқан», - деді ол.

Тізімде Алматыдан кейін Астана мен Алматы облысы орналасқан. Бұл облыстарды оқу құны шамамен 542 216 теңге. Айта кетейік, 2018 жылы жоғары оқу орындарының табалдырығын 163 336 студент аттаған. Алдыңғы жылы елімізде толығымен 542 258 студент болды. 

Дереккөз:holanews