Раушан Аймурзаева: Жаңа қазақстанды бірге құруға дайынмын!

10.03.2023 Қоғам
7
«Amanat» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында жаңа есімдер көп. Олар бұрын саясатқа араласпаған, бірақ қоғам жанашырлары. Солардың бірі Раушан Аймурзаева. Ол осы жолы партияға Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға бел буып келгенін айтады.

Раушан Нұрғалиқызы 20 жылдан бері жеке кәсіпкер. Негізгі мамандығы – заңгер. Ол Маңғыстау облысы, Актау (Шевченко) қаласында, көп балалы, жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол сүйікті жар, 3 баланың анасы. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген. "ASSYL TRANS GROUP" ЖШС құрылтайшысы. “Халық алғысы” ҚР Президентінің медалінің иегері, «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына, жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және тарихи отанына оралған қандастарға кәсіп бастау тұрғысынан заңгерлік, салықтық және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.

-Бұл менің туған өлкемнің өркендеу жолында атқарған жұмысымның аз ғана бөлігі, алда қоғамымыздың игілігі үшін еңбек етуге әркез дайынмын! Ұстанымым – әлеуметтік әділдік және қоршаған ортамның өркендеуіне үлес қосу,-дейді Раушан Аймурзаева.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев. Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.