Рақымшылық жасалғандардың туыстарына заңдық шектеулер бола ма?

03.11.2022 Қоғам
4
Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Жанна Кәрімова мәлімдеді, деп жазды Baq.kz. Айтуынша, рақымшылық жасалған азаматтардың жақындарына жаңа заңның еш әсері жоқ.

Сонымен қатар ол ауыр қылмыс жасағандарды рақымшылыққа ілінеді деген пікірді жоққа шығарды.

«Сондай-ақ бірнеше қайтара рецидивист ауыр қылмыскерлер рақымшылыққа ілігеді деген пікір де шындықпен жанаспайды. Мемлекетке опасыздық жасағандығы үшін, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп айыпталған сотталушылар, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 78-бабында көзделген өзге де қылмыстарды – кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы, террористік, экстремистік қылмыстар мен азаптаулар жасағандарға, қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды. Яғни қылмыскерлердің ең қауіпті санаттары қоғамнан шеттетіледі», - деді Жанна Кәрімова.

Еске сала кетейік, елімізде Қаңтар оқиғасына қатысты бірреттік «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданғаны белгілі. Қазіргі таңда құжат Президентке жолданды.