Құрылыс компаниясы Алматыда коттедждердің заңсыз құрылысына қатысты сынға жауап берді
Бұдан бөлек, Everest Property жер учаскелеріне геологиялық зерттеулер жүргізді, авторлық және техникалық қадағалауларды жүргізу бойынша аккредиттелген компаниялармен, сондай-ақ сынақ жұмыстарын бақылау үшін сертификатталған зертханамен келісімшарттар жасалды. Геологиялық зерттеулер шөкпейтін топырақ қабаттары қолданыстағы рельефтен 4-5, 5 метр тереңдікте екенін көрсетті. Коттедж ауылында үйлер салу үшін 0,5-1,2 метр жер қабатын жасау және тығыздау қажет. Бұл қабат «ҚазҚСҒЗИ» ұсынымдарына сәйкес нығайтылады. Жоғарыда аталған жұмыстар аяқталған соң әр үй бойынша шөгінді топырақтың тығыздығын анықтау үшін топырақтың деформация модуліне зертханалық сынақтар жүргізіледі. Мұның бәрі зертханалық қорытындыда жазылған. Бір сөзбен айтқанда, коттедж қалашығы құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес және құзыретті ұйымдардың барлық талабы мен ұсынымдарын сақтай отырып салынады.
«Осыған байланысты жобаның сапасы мен құрылысына қатысты талаптар негізсіз деп санаймыз», – деп атап өтті құрылыс салушы компания өкілдері.