Қуанышбек Мұқаш Серік Сапиеветің басқа спортшымен жанжалына қатысты пікір білдірді
01.03.2023
Қоғам
6
Мәжіліс депутаттығына кандидат, «Respublica» партиясының мүшесі Қуанышбек Мұқаш Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің балуан Зелимхан Мұсихановпен келіспеушілігіне қатысты пікір білдірді.
Оның пікірінше, жеке кездесіп, оңаша кешірім сұрау жеткілікті болар еді.
«Егер олай болмаса, онда бөлек әңгіме. Жастарды ешкім мәжбүрлемей, кешірімді өз еркімен сұраған болса, жақсы. Адамға түзелуге, райынан қайтуға тағы бір рет мүмкіндік беру керек. Баршамызға кеш қайырлы болсын», – деді кандидат.[video width="1080" height="1918" mp4="https://arasha.kz/wp-content/uploads/2023/03/465594318_10000000_176574921798958_66078348707375144_n.mp4"][/video]