ҚТЖ-ның 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды

03.11.2022 Қоғам
4
Қазақстан темір жолы компаниясының 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың жауабында айтылған.

Оның атап өтуінше, ҚТЖ пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмысын жүргізіп отырады.

«Темір жолдарға тікелей жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қауіптілігі жоғары аймақтағы тəртіп жəне мал жаю ережелерінің талаптары түсіндіріліп келеді. Бөгде адамдардың белгіленбеген жерлерден өтуіне жол бермеу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, стансалардың аумақтарында рейдтер жүргізіледі», - деді ол.