Қостанайда жеке үйде жарылыс болып жеті адам үйінді астында қалды
11.12.2023
Қоғам
4
Қостанайда жеке тұрғын үйде төтенше жағдай орын алып, жеті адам үйінді астында қалды.
ТЖД мәліметі бойынша, үйде газ-ауа қоспасы пайда болып, бір қабатты ғимарат қираған. Оқиға орнында жедел штаб құрылған.«Амангелді елдімекенінде болған төтенше жағдайдан жеті адам үйінді астында қалды. Оқиға 11 желтоқсанда сағат 12:36 Энергетиктер көшесі 1 мекенжайында болды», - делінген хабарламада.