"Қазақтелеком" қазақтың ақшасын жеуді қашан қояды?

24.08.2023 Қоғам
5
Журналист Кирилл Павлов өзінің Telegram-каналында «Қазақтелеком» АҚ басшыларының қанша сыйақы алатыны туралы ақпарат жариялады. «Жақсы өмір сүруге тыйым сала алмаймыз», - деп жазған журналист Қуанышбек Есекеев бастаған директорлардың жүздеген миллион сыйақы алғанын тізбектепті. 2022 жылы басқарманың төрт мүшесі – Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамуратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов барлығы 422 млн 105 мың теңге сыйақы алған. Егер адам басына теңдей бөлсе 105,53 миллион теңгеден келеді. Ал, 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған. Осылайша «Қазақтелеком» басшылары жыл сайын айлық жалақысынан бөлек ондаған, кейде жүздеген миллион теңгені бонус ретінде алып отырады.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз