Қазақстаннан әскери құралдарды Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды

16.03.2023 Қоғам
6
Әскери киім-кешек пен өзге де құралдарды Ресейге контрабандалық жолмен алып өтпек болғандардың жолы кесілді.

Анықталғандай аталған тауарларды алып жүру құжаты болмаған.

«Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде», - дейді Кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралар нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.