Қазақстанда жүрген 15 мың мигранттың төрт мыңға жуығы қытай азаматы
21.12.2021
Қоғам
4
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 15 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, еңбек миграциясы бойынша негізгі елдер қатарында Қытай - 3 784 адам, Ұлыбритания – 1 996 адам, Түркия – 1 985 адам, Үндістан – 1 182 адам, Өзбекстан – 1 138 адам бар. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар:"2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 15 527 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асырып жүр", - делінген ақпаратта.
- бірінші санат – 643 (басшылар және олардың орынбасарлары);
- екінші санат – 3 210 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары).