Қазақстанда митинг пен шеру ұйымдастыру жеңілдейді
07.12.2022
Қоғам
5
Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін жеңілдетуге бағытталған түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өткендей, елімізде еңбек қатынастарына байланысты митингілер мен ереуілдер саны артып келеді. Олардың көбі келіссөздер кезеңін айналып өтеді. Соның салдарынан барлық наразылықтар заңсыз деп танылып, жұмысшылардың мәселесі шешілмейді, деп жазды Zakon.kz.
Оның сөзінше, бұл келіссөздер мен келісім институттарының жұмысындағы кемшіліктерді көрсетеді.
Мәжіліс депутаты келісу комиссиясына жүгінуге құқығы бар тұлғалардың қатарында бұрын еңбек қатынастарында болған қызметкерлер де болатынын атап өтті. Оның ішінде еңбек қатынастары кезеңінде комиссияға арыз жазбағандар да болады. Сондай-ақ өтінімді қайтарып алу мүмкіндігі қарастырлған.
"Жалпы, ереуілдерді ұйымдастыру рәсімдері жеңілдетіледі. Заң жобасы жұмыс берушінің жиналыстар өткізуге арналған үй-жайларды қамтамасыз ету міндетін белгілейді. Оны ұйымдастыру оңайырақ әрі қолжетімді болады", - деді Екатерина Смышляев.Сонымен қатар заң жобасында арбитраждық кезеңде өткізуге болатын "бір сағаттық ескерту шеруі" ұғымы енгізіледі. Ал кәсіпорында бір мезгілде кәсіподақ ұйымы мен жұмысшының сайланған өкілі болса, онда ереуіл туралы шешім қабылдау үшін бірыңғай орган құру қажет болады.