Қазақстанда кәсіподақтар қалай жұмыс істейді?
Нұрлан Өтешев федерация азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігі екенін сөз ете отырып, қоғамдық-саяси жағдайларда ең алдымен кәсіподақ мүшелерінің мүддесі қорғалатынын айтты.
"Қазақстан Республикасының" кәсіптік одақтар туралы" заңының 16-бабына сәйкес, кәсіподақ өз мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқығы бар. Сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілермен, жеке кәсіпкерлік субъектілердің бірлестіктерімен (қауымдастық, одақ), өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста қызметкерлердің өкілі болуға құқылы, – деді ол.Бұдан басқа, кәсіподақ сотта, медиация, татуластыру мен төрелік рәсімдерді өткізу кезінде қызметкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауға, қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, заңнамада белгіленген тәртіппен ереуілдер мен бейбіт жиналыстар өткізуге құқылы. Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев бүгінде қандай өзекті мәселелерді шешіліп жатқанын айтты.Кәсіподақтың тағы бір функциясы – әлеуметтік бағыт. Бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылыққа қызмет етеді.
Осы күні кәсіподақ қоғамдық келісімді қолдауға, өркениетті еңбек қатынастарын тиімді дамытуға елеулі үлес қоса отырып, қуатты және жасампаз әлеуметтік институтқа айналды. Тіпті, қазір кәсіподақтар, мемлекет пен жұмыс берушілер арасында әріптестік қатынастарды белсенді құрып жатыр. Елдегі еңбекақы төлеу саласындағы істердің жай-күйі де жақсарған. Ең төменгі жалақыны бірнеше есе артуы – жұмысшы топтың әлеуметтік кепілдігіне айналды, – дейді ол.Өтешевтің айтуынша, сондықтан Кәсіподақтар Федерациясы жұмысшылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда жүйелі шаралар қабылдауды ұсынып отыр. Осы арқылы аз да болса, едәуір дәрежеде қоғамның әділдікке деген сұраныс қанағаттандыра алатынын жеткізді. Сонымен қатар, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы тепе-теңдік жүйесінің тиімділігін артылса, келіспеушілік те шешіледі. Сондай-ақ, халықтың нақты табысын шынай ұлғайту үшін жағдай жасалу керегін қозғау салды.Оның айтуынша, бірқатар елдерде АЕК анықтауда "ең төменгі тұтыну қаражатына" тауарлар мен қызметтердің қымбат бағасын сипаттайтын есептік шама қолданады. Сонда ең төменгі тұтыну бюджеті құнарлы тамақтануға, киім, аяқ киім, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмек, жиһаз, тұрмыстық техника секілді азық-түлік емес тауарларды және демалу, бос уақытын қызықты өткізуге, көлік, байланыс, тұрмыстық қызметтер тұтынудың үлкен көлеміне арналған шығындарды да ескереді.
Жақын арада "Халықаралық еңбек ұйымының" №102 "Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы", №131 "Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы" конвенцияларын ратификациялау қажет. Азық-түлік себетін есептеу әдістемесін қазақстандықтардың нақты физиологиялық тұрғыда қажеттілігіне сәйкес келтіруді қайта қарау керек, – дейді Нұрлан Өтешев.Arasha.kz
ФОТО: novoetv.kz