Қазақстанда Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды
12.06.2023
Қоғам
6
Динара Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
12 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты."Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.