Қазақстан–Ресей шекарасында жасыл дәліз ашылады

29.09.2022 Қоғам
4
Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған еліміздің азаматтары үшін «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты. Соңғы күндері ресейліктердің Қазақстанға қарай ағылуы салдарынан шекарада тұрып қалған еліміздің азаматтарына көмек көрсетілмек, деп жазды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына арналған аталған дәліз бүгін немесе ертең ашылады.

«Ресей Үкіметі өздерінің шекарашыларына тиісті тапсырма берді. Біз де шекара қызметіне осы тәртіп жайында түсіндіреміз. Қазан айы басталғанға дейін бұл мәселе шешіледі», - деді министр.