Прокурорға пара ұсынған казино қызметкері ұсталды
30.01.2023
Қоғам
6
Ақмола облысында «Cash Ville» казиносының заңгері прокуратура қызметкеріне пара ұсынғаны үшін ұсталды.
Күдіктіні ұстау операциясын Антикор Бас прокуратураның ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жүргізген.
Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған.
Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың доллар мөлшерінде пара беру фактісі құжатталды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.