Полицияға бағынбадың деп журналисті қамағалы жатыр
04.09.2022
Қоғам
4
Сайтымыздың Ақтөбедегі тілшісі Ардақ Ерубаеваны материал әзірлеу кезінде белгісіз адамдар қолын қайырып, алып кеткен, онымен қоймай 4 сағат қамауда ұстаған.
Ол 31 тамыз күні үкімет басшысының Ақтөбеге сапары туралы материал дайындау кезінде қысымға ұшырап, жарақат алғанын хабарлаған болатын.
Үкімет басшысы келіп, Тоғжановты Ақтөбе облысының әкімі етіп тағайындаған күні журналист шенділерді суретке түсіргісі келген, алайда белгісіз адамдар оның қолын қайырып, ол жерден алып кеткен.
Полицияның алып кеткенін біле тұра әкімдік қызметкерлері ештеңе болмағандай меңіреу кейіп танытқан.
«Маған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық турылы 667 баптың 1 тармағы бойынша айып тағылып тұр. Бұл -құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбау және кедергі келтіру. Ескеруді сұраймын, ол жерде мені сүйреп, күш қолданған “қызметкерлердің” өздерін полиция екендерін дәлелдейтін форма болған жоқ және өздерін таныстырмады. Қолдарында құқық қорғау органынан екенін дәлелдейтін құжаттары да болған жоқ», - дейді А. Ерубаева.Бейтаныс адамдар оған дене жарақатын келтірген. Сол себепті зардап шеккенін айтып, полиция қызметкерлерінен көмек те сұрапты.Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысында судья Мұратқан Есдәуір іске қатысы жоқ, журналистің ар-намысыма тиетін сөздер айтқан.
«Қорғаушы сұрағаныма қарамастан бірінші сот отырысы қорғаушысыз өтті. Сот отырсы онлайн өтеді деді. Участковой әкімдіктің жертөлесінде орналасқан. Ол жерде интернет істемейді. Содан олар үстелді жертөлеге түсетін есіктің алдына қойды. Бұл сотқа лайықты жер емес екенін айтып едім, ондағылар маған «сен не особаясың ба, жалпы жоғары білімің, мәдениетің бар ма, менің түрімді көруге құмартып бара жатсың ба» дегендей іске қатысы жоқ нәрселерді айтып, ар-намысыма тиді. Өз құқығымды пайдаланып соттан отырысты офлайн өткізуін сұрадым», - дейді Ардақ Ерубаева.Айта кетсек, соттың келесі отырысы ертең сағат 14.30-да болады.