Петропавлдық әкім спортшыға сыйлаған пәтерін қайтарып алды

13.02.2021 Қоғам
6
Қызылжарда жергілікті билік Азия чемпионы Айдар Қазовты сергелдеңге салып, сағын сындырды. Зілтемірші шенеуніктердің өзін жылдар бойы алдап келгенін айтты. Әлем аренасында қазақтың намысын қорғап шыққан спортшы әкімдіктің мазағына айналды. 2015 жылы ел қоржынына «Алтын алқа» түсіргені үшін аймақ атқамінері Айдар Қазовтқа жаңа коммерциялық үйден екі бөлмелі пәтер табыстаған. Алайда, артынша құзырлы органдар баспананы босатуды талап еткен.

Жергілікті билік зілтемірші тұрған пәтерге бюджеттен ақша бөлінбегенін айтты.

«Пәтер сыйлау бастамасын кәсіпкер Александр Авдеев көтерді. Бұл оның жеке бастамасы. Кілтті берген сол. Бюджеттен бұған қаражат бөлінген жоқ. 2019 жылы спорт басқармасы Айдар Қазовқа жалдық коммуналдық пәтер бөлді. Коммуналдық қызметтің қарызын біз өзіміз жаптық. Енді спортшы бір жылдан бері коммуналдық қызметтің ақысын төлемей отыр. Жалпы, пәтер тек Олимпиада және Параолимпиада ойындарының қатысушыларына ғана сыйға тартылады», - дейді Петропавл қаласының әкімінің орынбасары Асқар Хабулин.

Спортшыға үй берген кәсіпкер әкімдікке алданғанын айтты.

Бүгін сағы сынған зілтемірші Айдар Қазов үлкен спорттан кететінін жариялады. Ал қалалық әкімдік ұсынған тар пәтерді қайтарып бермек.