Өскеменде 9 мамырды отшашумен тойламақ
01.05.2022
Қоғам
4
Шығыс Қазақстан облысының орталығы - Өскемен қаласында 9 мамырды атап өтпек. Бұл туралы қала әкімшілігі таратқан хабарда айтылады.
9 мамыр таңертең сағат 10:00 де Өскемендегі Даңқ мемориалында соғыс ардагерлері, тылда еңбек еткен адамдардың қатысуымен мерекелік шара яғни құттықтау, мерекелік концерт, гүл шоғын қою рәсімі өтпек. Ал кешкі сағат 19:00 де Даңқ мемориалында кешкі мерекелік бағдарлама болып, оның артынан "Шырақ жақ" акциясы кеш соңында отшашу болмақ.