Оразалин жолға жарымаған Ақтөбені шаңға көміп кетті
Ақтөбелік шенділер жол жөндеу жұмысына салақ Еліміздің бір емес, екі премьер министрі арнайы келіп тексерген қаладағы айналма жолдың құрылысында шикілік көп. Шенділер атқарылмаған жұмыс үшін мердігер компанияға 27,6 млн теңге қаржы аударып жіберген. Прокурорлар Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың «КТП» ЖШС-не орындалмаған жұмысқа алдын ала бюджет қаржысын аударғанын анықтады. Прокуратураның тексерісі нәтижесінде 27,6 млн теңгенің жұмысы атқарылмағаны белгілі болды. Құжат бойынша 8,9 млн теңгеге сыртқы жарықтандыруға арналған 340-тан астам болат тіректер орнату жұмысы қабылданған. Бірақ іс жүзінде жұмыс іске аспаған. Қара жолда өлім көп. Ақтөбе облысында жеті айда айда 50-ге жуық адам жол апатынан көз жұмды. Соңғы бір айдың өзінде оннан аса адам қара жолда қаза болды. Ақталу... Әдеп кеңесінің мүшелері Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының жұмысы қызметке толық сәйкес емес деп тапты.
«Оңтүстік айналма жол 2017 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Жоба 3-4 айда аяқталуы тиіс еді. Бірақ 2017-2018 жылдары қаржыландыру болмады. Қаржыландыру 2019 жылы басталды. Былтыр 1,4 млрд теңгенің жұмысы атқарылды. Құрылыс кезінде атқарылған жұмысқа қатысты актпен қатар, азайту, қосымша жұмыс қосу да бар. Мемлекеттік сатып алу Заңнамасы аясында серіктестікке шара қолдану үшін аумақтың құрылысына жауапты «КТП» серіктестігіне де арыз түсірдік», - деді Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.Шенеунік уақытынан кешіккен жол жөндеу жұмыстарының биыл аяқталатынына сендіреді. «Жаңа министірлік керек...» Ал қырық жылдай жол саласында еңбек еткен ардагер Сабыргерей Таңатарұлы жол сапасын бақылауға алатын арнайы министрлік не агенттік құрылмай қатаң бақылау болмайтынын алға тартты.Тықыр таянған ақтөбелік «фараон» Өзін фараонға қатты ұқсататын Ақтөбе әкімі жерлестерінің сенімін ақтай алмады. Осыдан үш жыл бұрын ақтөбелік басшыны аңсап күткен жерлестер үміті су сепкендей басылды. Ақтөбеліктер есінде Оразалин тек «Мен –ресми лауазымды, танымал тұлғамын. Фараондар заманынан бері билікті ешкім жақсы көрген емес», «90 жылдары бұдан да қиын болған», «ата-баба әруағы қолдады» деген сөздерімен ғана қалды. «Кабинетімді өз ақшама жөндедім» деген Ақтөбенің бай шенеунігі «бүгін креслосын босатады» деп күтілуде.«Тендерден бастап реттеу керек. Қазір тендерге түсетін мердігердің техникасы бар ма, жұмыс күші жете ме оны қарап жатқан ешкім жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Атырау мен Ақтөбенің арасындағы жолды салуға әзірбайжанның бір компаниясы тендер ұтып алды. Олар Байғанин ауданы тұрғындарынан көлік, техника жалға алды. Тұрғындарды жұмысқа тартты. Бірақ ақшаларын бермей қойды. Солар әлі ақыларын даулап жүр. Техникасы жоқ шетелдік компанияны жол құрылысына кім жолатқан? Жол құрылысының басы-қасында күні-түні «технадзор» дейміз ғой, сол жүру керек. Техникалық бақылаушылар топырақ тапталып, тас төселгеннен бастап, асфальт жабындысының бәрін-бәрін бақылап отыруы тиіс. Жұмысына салғырт қарағандарды жазалау керек», -дейді жол саласының ардагері.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе