Оралда Құрманғазының күйін бір сәтте 1700 адам орындады (видео)

19.09.2018 Қоғам
7

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласындағы жаңа алаңда күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған іс-шарада қолына домбыра ұстаған 1700 адам бір мезетте Құрманғазының екі күйін - "Адай" және "Балбырауын" күйлерін тартты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Жарқын Түсіпбекұлы өзінің facebook парақшасында жазады.

[embed]https://www.facebook.com/tusupbekuly/videos/pcb.2004405832932060/2004397472932896/?type=3&theater[/embed]