Оралда қамауда отырған күдікті қайтыс болды
06.12.2023
Қоғам
4
Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол қамау камерасында отырған марқұм 63 жаста болған.
Фото: Tengrinews.kz"Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.