Назарбаев жайлы фильмге 7 млн доллар бөлінген

24.08.2022 Қоғам
4
Тұңғыш президент қоры Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге 7 млн доллар бөлген. Бұл туралы PROTENGE Telegram-каналы мәлімдеді. «Тұңғыш президент қоры Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмді түсіруге 7 млн доллар бөлді. 2021 жылы шыққан «Qazaq: Алтын адам тарихы» фильмін аты әлемге танымал Оливер Стоун түсірген. Келісімшарт сомасын журналист Михаил Козачков жариялады», - делінген жазбада. Сонымен қатар Назарбаевтың бұл қорына қатысты тергеу қаңтарда басталып кеткені айтылады. Автордың жазуынша, қор қайырымдылықтан тыс өзге де қызметті атқарып келген, яғни миллиард доллары бар активтерді басқарған.