Мүгедектерді емдеуге бөлінген қаражат ұрланды
16.09.2022
Қоғам
5
Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысты іс тергелуде, деп мәлімдеді Қаржы мониторинг агенттігі.
Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен, мүгедектердің шипажайға барудың жалған фактілері анықталған. ЖШС-ға бір жарым миллион теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген.
"Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды",- дейді агенттіктен.