Мүфтият Жанат Бақыттың айтқанына қатысты мәлімдеме жасады
24.03.2023
Қоғам
6
Мүфтият журналистің жалған сөзіне қатысты мәлімдеме жасады.
Наиб мүфти шариғатта Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты.
«Алла тағала қасиетті Құранның Ән'ам сүресінің 144-аятында «Адамдарды надандықпен адастыру үшін Алланың атынан жалғанды жалпағынан басатын пендеден өткен залым бар ма?» деп баяндаған. Алла сақтасын, Құдай атынан жалған сөйлеуден ауыр іс жоқ. Әсіресе, Рамазан айында осындай келеңсіз сөзді айту мен үшін де ауыр», - деді ол.Ершат Оңғар халық тарапынан сұрақ жиі қойылып, наразылық білдіріп жатқаннан кейін мүфтият атынан ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болып отырғанын айтты.