Министр баспана жалдау нарығы қалай реттелетінін айтты

26.09.2022 Қоғам
5
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баспананы жалға беру құнының қымбаттауна қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, бұл пәтерді кімге, қаншаға жалға беру керек дегенді білдірмейді, нарық ретінде реттеу қажет.

«Жалдау тізілімі құрылып, қанша пәтер жалға берілетіні, олардың қанша салық төлегені, мүдделерін қаншалықты қорғау қажет болатыны түсінікті болса деймін. Мысалы, пандемия кезінде бизнесі тоқтап қалғандықтан қанша адам мемлекеттен көмек алды. Осы тұрғыдан реттелуі қажет деп ойлаймын, мемлекеттің де, осы бизнеспен айналысатын адамдардың мүдделері қорғалуы керек», - деді Тамара Дүйсенова.