Мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жетті – Дархан Қыдырәлі
28.04.2023
Қоғам
6
Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» интернет форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақ тілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да артып келеді. Қазақстандық ресурстарда PR мақалалардың орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте, интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.
“Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр”,- деді министр.