Мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті

14.08.2022 Қоғам
4
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев 76 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Қайғылы хабарды әлеуметтік желіде жақын араласатын достары жазып жатыр. Саясаткердің бүгін таңертең жүрегі тоқтаған. Балташ Тұрсымбаев — 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауыл шаруашылық министрі қызметтерін атқарған. Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен. Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші. Кейінгі жылдары еліміздің қоғамдық-саяси процесіне белсене араласып жұмыс істеді.