Маңғыстаулық мұнайшылар тағы да наразылыққа шықты
21.10.2022
Қоғам
4
Бұл жолы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлау мен өндіруді жүзеге асыратын "Phystech II" АҚ қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етті.
"Қазір барлық өнім қымбат. Әлеуметтік жағдайымыз төмендеп барады. Біз 112- 180 мың теңге аралығында жалақы аламыз. Бұл жеткіліксіз. Сондықтан да еңбекақыны екі есе көтеріп, яғни 100% өсіруді сұраймыз. Кәсіпорын басшылығы біздің талаптарымызды елемейді. Егер талабымыз орындалмаса, ереуілді жалғастыруға мәжбүрміз. Жұмыс беруші тарапынан қудалау болмауын талап етеміз", – дейді жұмысшылар.