Педагогтар мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

05.03.2019 Қоғам
4

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім және денсаулық сақтау саласында төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақсы 30% көбейетінін айтты. 

Елжан біртановтың сөзінше, бүкіл мейірбикелер, төменгі деңгейдегі медициналық қызметкерлердің жалақысын 1 шілдеден бастап 30% көтеріледі.

"Сонымен қатар кейбір жоғары сұраныстарға ие дәрігер мамандар, алғашқы медициналық көмек беру, учаскелік дәрігер, педиатрлар, сонымен қатар перзентханада жұмыс істейтін акушер-гинекологтар, жедел жәрдем дәрігерлердің жалақысын көейтуді жоспарлап отырмыз. 1 шілдеден бастап 225 мың медициналық қызметкердің жалақысы көбейеді", - деді Денсаулық сақтау министрі.

Ал Күләш Шәмшидинов ең бірінші техникалық қызметкерлер, яғни еден жуушылар, сантехниктер, электрик, күзетшілер қарастырылатындығын жеткізді.

"Бұлардың қатарында педагогикалық қызметкерлер де бар. Олар – тәрбиешілер, тәрбиешілердің көмекшілері, балабақшалар мен колледжердің психологтары. Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қызметкерлердің санаттарын және болашақта алатын жалақыларын есептейтін жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді министр.