Әлия Назарбаева жаңа мектеп салмақшы
15.12.2020
Қоғам
8
Экс-президент Н.Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Астанада жаңа мектеп салмақшы. Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.
"Alem Eco School білім беру кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Бұл - экология, мәдениет, өнер салалары бойынша авторлық бағдарламасы бар Қазақстандағы алғашқы инновациялық, экологиялық мектеп. Alem Eco School білім беру кешенінің ашылуы 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр" дейді Назарбаева.
Фото: facebook.com/aliya.nazarbaeva.9847