Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 20,7%-ға қымбаттады

10.11.2022 Қоғам
4
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7%-ға қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайыздық тармаққа жоғары", - делінген ақпаратта.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен аптада сәбіз (0,7%) бен қант (0,2%) бағасы түскен. Ал, бірінші санатты жұмыртқа бағасы 1,6%-ға, пияз – 0,7%-ға, орамжапырақ 0,6%-ға қымбаттаған көрінеді. 2022 жылғы 8 қараша бойынша еліміздегі әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы келесідегідей: Рожки – 294 тг/кг Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг Айран 2,5% – 349 тг/литр Айта кету керек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 өнім кіреді.