Құтқарушылар ауылды судан аман алып қалуға барын салуда

07.04.2025 Қоғам
4

Ақмола облысының Астрахан ауданында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты көлік қатынасынан үзілген Старый Колутон ауылында жедел жұмыстарды жалғастыруда.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды.

Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.

Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1000-нан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. Қауіпсіз жерге 21 бас сиыр мен 100-ге жуық қошқар айдалды.

Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, ТЖМ арнайы техникасының 20 бірлігі, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды.