Көлікке бала мінгізіп, шылым шеккен жүргізушілер жазаланады
24.06.2021
Қоғам
4
Қазақстан бөлімше полициясы енді автокөліктерінде балалар бар бола тұра темекі шегіп отыратын жүргізушілерге айыппұл салады. Кодекске әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты түзетулерді Сенат енгізді.
Заң жобасында учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері құқық бұзушылықтың мынадай төрт құрамы негізінде қарау және жаза қолдану бойынша кеңейтіледі:- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне жол беру;
- кәмелетке толмаған адамдардың көлік құралдарында темекі өнімдерін тұтынуға тыйымды бұзу;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік қадағалау қағидаларын немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамау;
- көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.