Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025 Қоғам
6

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.  Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.